Метка казахскаяпоэзия

Гауһар Есімханова. ҚЫЗЫМА

Қызғалдағым қырда өсіп жайқалған,Моншағым сол інжу болып шашылған.Ғаламшарым бір өзіңмен айналғанКөккөзім менің, мамасы әбден сағынған! Еліктен де нәзік болып жаралған,Сағынышым, қолға қалам алғызған.Сүйрігім, жаһандағы жалғыз дарамБотақаным, аруанасы аңсаған. Құлыншағым асыр салып ойнаған,Бұлағым мөлдір, күмісше сылдыраған.Ғаламның арғы бетінде ұйқыдан күнде оянған,Қанатың…

Мерей Аимбетова. ИЗБРАННОЕ

Не жаңалық? Не жаңалық деп сұрама, айтқым келмейд.Адам көрсем, қолдарым қатты терлейд.Қашқалақтайм, үрейленген қоян ұқсап,Бірақ жалғыз пәтерге қайтқым келмейд. Соңғы апта құлазып, азып кеттім.Көзімнен достар, жүзімнен назым кетті.Тәрелкем толған түрлі адам болғанымен,Неге жатырқап, жалғыздықты азық еттім? Қобалжимын, көп ойланам, көп…

Аружан Сейтимбекова. ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Жалғызбын, жалғыздықтың мұңын арттым,Досым да жоқ ішкі сырды ақтаратын —Арқа сүйеу азамат арман тектес,Жүргенім сол көлеңкемді ертіп әр кез. Адамның да саны көп айналамда,Түтін басқан Алматының аймағындаБәрі асығыс, әйтеуір уақыты жоқ,Шер бөлісіп отыруға бір айдында. Сәл кідірші, дем алып сөйлесейік,Ақша…

Адия Есенова. БАЯНАУЫЛ

Баянауыл, туған жерім дарытқан, Тау-тасынан сарқыраған су жаралған. Бауырында жатыр батыр ұйықтап, Ақбет таудың ар жағына қашқалақтап. Орман-көлден, бұлақ-жерден айналайын. Шалқар жерің неткен еді, балғын айың, Орманыңда мекен еткен маралдар да, Емін-еркін асқақтап жүр тастарыңда. Әлем кезіп, паналаған самал желің,Қисаңдап,…