Адия Есенова. БАЯНАУЫЛ

Баянауыл, туған жерім дарытқан,
Тау-тасынан сарқыраған су жаралған.
Бауырында жатыр батыр ұйықтап,
Ақбет таудың ар жағына қашқалақтап.

Орман-көлден, бұлақ-жерден айналайын.
Шалқар жерің неткен еді, балғын айың,
Орманыңда мекен еткен маралдар да,
Емін-еркін асқақтап жүр тастарыңда.

Әлем кезіп, паналаған самал желің,
Қисаңдап, шайқалғандай жусан шөбің.
Өзіңнен артық болған жер бар ма екен?!
Бұл ғажайып өңірден асып түскен!

Туған жер, асылым-ау, сағынамын,
Көзді жұма, өткен күнді шақырамын!
Бәрі де, кешегідей әлі есімде,
Қалған осы, бір керемет дүние…

Поделиться в соцсетях
Адия Есенова
Адия Есенова

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *