Аружан Сейтимбекова. ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Жалғызбын, жалғыздықтың мұңын арттым,
Досым да жоқ ішкі сырды ақтаратын —
Арқа сүйеу азамат арман тектес,
Жүргенім сол көлеңкемді ертіп әр кез.


Адамның да саны көп айналамда,
Түтін басқан Алматының аймағында
Бәрі асығыс, әйтеуір уақыты жоқ,
Шер бөлісіп отыруға бір айдында.


Сәл кідірші, дем алып сөйлесейік,
Ақша емес қал-жағдайды білісейік — 
Қашан сен тыныс алдың тау бөктерде?
 ⁃ Есімде жоқ 
 ⁃ Сәті түссе сергіп қайтып, жол жүрейік…


Неге үнсіз қалудасың жаңғырық боп(болып),
Елес мүсін болғаның ба жауабы жоқ?…
Жан дауысым жетелейді сан мың жерге,
Бағыт алған кеңістікте тыныштық боп(болып)…

Поделиться в соцсетях
Аружан Сейтимбекова
Аружан Сейтимбекова

Один комментарий

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *