Қызғалдағым қырда өсіп жайқалған,
Моншағым сол інжу болып шашылған.
Ғаламшарым бір өзіңмен айналған
Көккөзім менің, мамасы әбден сағынған!
Еліктен де нәзік болып жаралған,
Сағынышым, қолға қалам алғызған.
Сүйрігім, жаһандағы жалғыз дарам
Ботақаным, аруанасы аңсаған.
Құлыншағым асыр салып ойнаған,
Бұлағым мөлдір, күмісше сылдыраған.
Ғаламның арғы бетінде ұйқыдан күнде оянған,
Қанатың ешбір талмасын арман жолын таңдаған!
Жұлдызы биік, қылығы кербез, дара қызым,
Жетесің дегеніңе әлі-ақ өзің
Жақұтым менің, ақ жүректі сән қызым
Көрген жанның санасына ұялатар пәк сезім.
Ұлпадан нәзік жаныңды жаманнан қалай қорғасам?
Саған соққан ызғарды өзіме қалай мен бұрсам?
Қызым менің, шолпандай атқан арайлы,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Алматы, 2020
Это Super!Гаухар!Восхищена вами!🥰👍👌👏
Столько любви здесь, спасибо 💔