

Бибизада Бекжан. ОТҚА ОРАНҒАН ҮМІТ
– Сардааар! Зухрааааа! – Ащы түтін тамағын тырнап, қырылдаған үнмен балаларын атап шақырды. Жастығының жанында жатқан орамалды шұғыл алып, аузы мен мұрнын тұмшалап, бөлмеден сүріне-қабына шықты. Көзі жасаурап, удай ашып барады. Бір қолында орамалы, екінші қолымен қабырғаны сипалап, әрең жүріп келеді. –…



