

Жамиля Бекбосынова. СҮТ ҚАТҚАН ШАЙ
Бұл әңгіме тәуелсіздікпен бірге ер жетіп, қарапайым қуаныштың қадірін біліп өскен барша жандарға арналады. Байлық, бақ-дәулеттің, берекенің белгісі, не өлшемі әр пенде үшін әр түрлі екен. Біреуге ол банк шотындағы қомақты қаржы болса, енді біріне іші жанға, қорасы малға толы…



