Шарықтау шегі
Мен туралы жыр жырлат,
Сырлар шертіп, жи қуат,
Маған қара, сүйер ме екем — долбарла
Маған қара, мен — салтанат, мен — мереке,
Мені тойла, жайла, менен тап пана.
Маған кез бол, дем ал,
Тұншық, тойдыр, тоқтама.
Мені зертте, ойла, бойла,
Мен әлеммін, ғарыштасың, бозбала.
Менде сүңгіп, жер шарла,
Мені самғат, сайрат, шарықтат!
Ойлар, сезім, өнер, көркем — айқастыр,
Жүрек, сана, сезім, ақыл — шайқастыр,
Күшің, ернің, арқаң, демің .. жалғастыр.
Маған қара,
Мені пір тұт, табын, құла!
Сүй, тоқтама, жыла, жыла!
Ұмай
Мен — жауынгер, майдан менің мекенім,
Тапа-тал түс, жарқын күнде менің үнім,
Әрі қарай бетте, жүгір, тырыспаққа амал жоқ,
Кел, жақында, орман естер, бозбаланың ақтық демін.
Ақ құрт кіріп омыртқаңа, жығылғанға жұдырық.
Көзің ағып, ішің шіріп,
Не көрінген құтырып?!
Жалын тілі атқылап, тіліп тастайм теріңді,
Жүзің жоғал, енді неге тілеп жатсың өлімді?
Шыда, міне, қазып берем көріңді!
Обал жоқ, саған, өзіңе сал өкпеңді,
Қақ жар, ұрып, тырмала,
Тағдырды да кінәла.
Сал зар үнін аспанға
Тәңір сені ұмытқан,
Артық енді тырыспа!
Теңізге бетте — толқындармен жұтып тастайм,
Тауды да көр, шық сужүрек шыңына —
Сені көрген көк айырылып,
Қаласың найзағайдың қаһарына,
Біткен жерің сенің бұл,
Себебі мен — жауынгер,
Мен — Ұмаймын,
сені жұтам, шайнаймын,
сорпасына қайнатам!
Мен — қорғаушы,
көріп тұрмын, тынысың да тарылды.
Соз қолыңды жақсылыққа,
Құлақ салма, жарайды —
Қайырармын жағыңды.
Тіле, жүгір, айқайла,
Қаша алмассың сен менен.
Менен қорық, себебі мен әр жердемін,
Менен қорық, себебі мен саған жетемін,
Менен қорық, себебі — соңғы демің.
Менен қорық, себебі мен…
Қарама-қайшылықтар
Аппақ қардайсың, бірден қадайсың,
Шығып көрмеген асқар таудайсың,
Алайда алыстан емес
Жақыннан келіп қарасам,
Жәй ғана жылтырақ затсың,
Сонда сен қандайсың?
Текеметтейсің
Басылған алтын жібектен
Аспаннан аққан жұлдыз
Баяу түсті кенеттен
Көкжиекте қалғып кеткен күн батысы,
Екі емес, бір адамның іштегі тартысы,
Күтпеген тосын сый, сөнген шырақ,
Арамыз екі елі емес, мүлдем жырақ,
Жеңуге өзіңді қадам жасамайсың
Сонда сен өзің қандайсың?
Қарама-қайшылықтар
Көзімнің алдында тұр тізіліп қатар
Миыма сыймас — ойың қаншалықты тар
Бәрі сені мінсіз деп ойлайтын жайы бар
Бірақ мен бұл таптаурын жібін оңай тарқатам,
Бұл сезімдер құйынын енді тоқтатам,
Сұр қазанда пісіп жатқан эгоңды
Ағызайын, көрсетер шын кейпіңді!
Ақыл емес, шатылғансың надандық шырмауына,
Енді ынтық емеспін сенің алтын назарыңа,
Тарта салдым, түсіп қалды сенің бетпердең,
Енді сені жіберемін, кете бер!