Ақ өлең, верлибр жинағы
Калька тілі
Ескертпе: курсивпен жазылған сөздердің барлығы – орыс тілінен аударылған калька сөздер.
Грамматика бойынша талдау болса
Ойыммен бөлісуге шағын сынау.
Кешірім сұраймын, дұрыс жинақталмаса
Негізінен, жазғанымның бәрі шын-ау.
Өз кезегінде, қолданысқа енгені көп,
Сөздің дұрысы да, бұрысы да орын алды
Тәуекелге барып жазбақпын дөп
Менің де сөздік қорым болып табылды.
Жасалынды біраз жұмыс ізденіспен
Дұрыс па бәрі менде? Жағдайым сол:
Мендегі барым сайқал жазу тілімменен
Қалмасыншы ұмытылып лезде боп.
Келеді тілімді тартып алғым калькадан,
Кетпес үшін Алаштың еңбегі бекерге.
Өз тілім қалып табиғи болмысынан,
Әуре боп дәл аударудың керегі не?!
Фатима құрбыма
Фатима құрбым, сен көктемсің
Күн боп ақ сәулесін төккенсің.
Қанша адам көрсем де жалғанда,
Кристалды таза, тұнық жалғыз сенсің
Сенесің бе жан сырым? Жалғыз сенсің!
Сен аспанымдағы жұлдыз көгімсің,
Мөлдір су, мұңсыз-айлы түнімсің.
Жадыраған жанарыңнан жас ақса,
Сол жас болып ағамын, ағынсыз.
Лирикамның толқынды сарыны,
Мұңымның ауырының батуы.
Сен бар кезде жарық дүние тамыры,
Сен мұңайсаң мұз боп қатуы.
Ажарыңа біткен сұлулық, керім
Жан-дүниең сенің керім дегенім.
Өзгелер сенің бейнеңе тамсанса
Мен жаныңды көрем, жүрегім.
Өнер
Бар дүние жарамай қалып,
Күй кешкен-ді тұнық алып,
Теңіз бен тауға теңесер,
Әуре болған – құны ғаріп.
Бірде оттай лаулайды,
Тоқтай кернеп, тарқайды.
Жүрекке қаяу тигізер
Зая болса, немқұрайлы.
Өзгермелі өнер өнімді өнеге
Өңдеу керек, өркендеу дейді ма не?
Өңкей өрескел жиылған бірдеңе
«Өркениет-басылары» үйретті біздерге.
Көмгем, көкке ұшырғам
Жанымды, азат көлімді аңсағам
Жаралған соң «қырық жанды» боп
Жазбасқа амал қалмаған.
Тартынба, үркіме, сескенбе қаламым
Шарасыз күйде қанша жан қамалып.
Бергендей біреу таңдау еркіндігін,
Әу баста болмады бізде еш амалы.
Есенқұл Жақыпбековке
Сенің өлеңің өлмеді Ес аға
Ой туындаған сайын жазайын
Сенің жолың маған берілді ме?
Сөзбен ізіңді жалғастырайын.
Ақынмын, өлеңмен деп жырладым
Поэзияда бар менің қанша сырларым
Ес аға,поэзия өзі қандай дүние?
Неліктен жанамыз лаулап жалын.
Атымды қойдың дана болғайсың деп
Даналықпен қазіргі ойым әлек
Білмеймін сендей ұлы бола алам ба
Берілді ғой бір жазатын қасиет.
Мұхитта айсберг қалқып жүргенде
Мұзда қалған жалғыз ақ аюдай
Поэзия сырлас болды бұл күндерде
Сырларым қағазға ашылғандай
Ес аға, өлең бар толғандыратын
Өнер бар өшпейтін, жарық таңым
Берген соң атымды сендей ақын
Өлең жазбасқа амалым жоқ, хақым.
❤️🔥
Ваууууууу
Өте әсерлі жазылған😍😍
Оқып отырып толқып кеттім!
Қандай керемет! Аллам тіл — көзден сақтасын! 🤲😍