Әмина Рахымжан. КӨБЕЛЕК ПЕН ТАРАҚАННЫҢ ШАЙҚАСЫ

Көбелек бар Марфа атты сұлу жәндік,
Теңін таппас өзгеден ол бір артық.
Көп іздеген тазды табар деген кей сыбыстан,
Салды жолын сезімге қорқыныштан.

Кезіккеннің ермегі бола қоймас,
Орайды таба қалса қашып қоймас.
Өзінен де өзгелерді танып қойған,
Нояндай өзінше жүр бұл бір қоймас.

Досы бар Пәле атты тарақаны,
Өлмейтұғын бәлелі бас уыт кеуде.
Ауыздан ақ ит кіріп, көк ит шықса,
Пәлесі үндемегей кері тартпа.

Сөздерін айтар-айпас тыңдамағай,
Жүрер ме өзге жолмен дұрыс жолғай.
Арттан ерген салбырлақ көбелегі,
Дос сөзінен кетер ме құдай оңдай.

Жазғы күнгі өрістен келе жатса,
Алдынан сері шықты шыр айнала.
Сал серінің түріне аңдып қалып,
Миына сұмдық келді, ой жаңғыра.

Досына жолын тауып жедел жөнеп,
Айтып берді пәлеге ол бір төтеп.
Ұшқынды сезе қойған тарақаны,
Айнытты қызығынан бетін түтеп.

Сен жындының теңі емес ол бір бөтен,
Сезімің болмай жатып лаулап сөнер.
Саяздап тереңіне бата алмассың,
Таязда тұрған сезім жоқтап өтер.

Мыжымай көбелегім шыр-пыр етпе,
Талайы келер әлі алдыңнан дөңгелене.
Марфажан айырбассыз бұл фәниде*
Келеді көп кезектер, мың кезектер.

Бойды берсең уыты қанға тарап,
Ләззат алсаң, кейіннен опық жейсің.
Бақыт деген еркіндік сен түсінсең ,
Қалмай ма бостандығың артта бөлек.

Сақтанды көбелегің “талақ” десіп,
Пәлемен бұл достығын тоқтық десіп.
Көзінен оты шыға шоқтай жанып,
Бар ойын салды алдыға білгін десіп.

Шынайы дос түсінер ед менің қалауымды,
Жалғыздық өртеп бітті менің жалауымды.
Айтқаныңа жақтасып өмір сүрсем,
Қуыршақтай қалам-ау дернәсілдей.

Бұл достығың өрге емес, көрге апарар,
Жоқтауы жоқ қу мазар бейнет болар.
Өзгеден жарты болып ессіз қалсам,
Қалар ма бақыт дәмі бал шырындай?

Әй көбелек, өзге жандар бақытты ма?
Жарты тауып, ағламды* болалды ма?
Ұрпаққа зәру болып ол кемістер,
Дәулетін жия алмай қалмады ма?

Білем мен қалай олар налитынын,
Өспедім бе бұл ортада танитұғын.
Жұмыртқалап жүретін тарақандар,
Қарай ма алды-артына әулет десіп.

Жоқтықты көріп өскен мен боламын,
Өмірдің қиындығын көрдім тия.
Сөз төркінін түсінсең иланарым,
Опықта қалып жүрме өксік жұта.

Тербелді Марфажан без сөздерден,
Жанынан демі шығып өң кеткендей.
Жауға берген секілді тойтарыстан,
Тыншыды ма көңілі ойпарыстан.

Пәледей адал досым сырт айналса,
Қалам ба зар еңіреп бір қуыста?
Болашағым бұлыңғыр бола қалса,
Қалам ба зар еңіреп қаспен қала?

Кеудемде шам жағылса үміт отым,
Төзем бе мен тағдырға сынақ десіп?
Тәңір сынды ғажаптың райын күтсем,
Жақсы лебіз болар ма орайыма?

Дүнием алай-дүлей мінезділік,
Көрдім бе бұл мінезден жақсы тірлік?
Тәккәппардай менсінбеу мен жәндікте,
Жетпейді ме түбіме, бұл қалыпта?

Кей-кейде қызығамын мен Пәлеге,
Әулеті бар қасында жанын берер.
Ал менде ұрпақ түгіл көңілдім жоқ,
Жатам ба қуыршақ боп тас далада.

Тірілерден жиренсем мола үйім,
Қатынастан күйресем бұлда түйін.
Қашуменен өмір сүрсем қу заманда,
Құндылығым татиды көк тиынға.

Екі дос бір-бірімен көріспейді,
Көре қалса шат басып беріспейді.
Бұрынсоңды айырылмас таза достық,
Күні бүгін айқаса баз дегізбейді.

Арада айлар өтіп, жылға толар,
Жылғадан суы ағып , көлге толар.
Екі шектен аспаған ұмыт достық,
Білер ме жаңалығын десін бермей?

Күллі жәйтті біліп жүрген арам Пәле,
Сыбысты жеткіздірді бар ауызға.
Тыныш жатқан көбелектің өз әлегін,
Өсек қылды бар жұртқа ессіз қыла.

Өсектің керегінен кеселі көп,
Қадамын шала-пұла баспайтұғын.
Ақсағанның көкесін кейін көрген,
Болжай ма қайдан келген сыбыс сөз деп.

Жігіттерге көңілдес , ойнас болған,
Жұртшылыққа ұят бола, мазақ қуған.
Өр көкірек мінезімен баурап алып,
Лауазымға секірер, сұм саналас.

Көбелектің сап ерлері мыңжүздіктер,
Артынан жүгіргені көп жүздіктер.
Қолмен санап, ойға тыю мүмкін емес,
Ар-намысы өсекпенен тіке-тірес.

Әлеуметке тараған бұл қауесет,
Опат бола айналар көбелекке.
Болашақтың болжамы кей қарастан,
Шешілер ме жұртының тыс ағымынан?

Сүйіктісі сал сері Долы атты,
Аты затына сай тажал біреу.
Көбелегің шынымен тазды тапса,
Қанатынан айырылар күрт үзіле.

Кербез мінез өсекті көтерген жоқ,
Марфаға артты жүгін, бар қаһарын.
Күннен күнге шырмалған арам шөптей,
Қинады ғашық жарын күңі ете..

Күнде ұрыс – бұрыстан шаршаған ол,
Жақында тастайды көбелегін ойнас ете.
Бетке басу сыңайлы сан-тараптан,
Әйелді заты көріп, тұрмысы жоқ деп.

Қайдан ғана некеге келістің сал Долыжан,
Мыңнан жүзі табылар , құр қалмассың.
Бір ғана көбелегің өмір емес,
Талайы келер әлі алдыңнан дөңгелене.

Бұрыс қоғам сөздерімен сан шырмалған,
Өтті алдынан Марфаның талақ десіп.
Бостандықтың киесін сағынған ол,
Жауабын алмас бұрын бір жығады.

Өмір таяқ жегізді Долыжаннан,
Байғұс күйін таныта бейшараға.
Қоғамынан не көмек, не демеу жоқ,
Жұтты өксігін қансырап, ертеңді ойлап.

Тарақанның әулеті той қылады,
Болжамының растығын мақтан етіп.
Күйзелістен шаршаған бейшараны,
Құзға итере, дүниесін талқан етіп.

Махаббаттың қатерінен қынжылады ,
Дауылдың тосқауылына тұншығады,
Қоршағанның мысқылына төтей алмай,
Көбелегің әп-сәтте мерт болады.

Жаны тыншып, күйзелісі кімге кетер,
Кегін ала шырылдап кімдер өтер?
Жалғанның айғыз – сайғыз машақаты,
Улай ма дүрбелеңді ойран ете?

_________________________________________________________________

Фәни – дүние – өткінші, жалған мағынасында қолданылады.
Ағламды – Бiлгiр, бәрiнен жақсы бiлетiн адамды айтады.

Поделиться в соцсетях
Әмина Рахымжан
Әмина Рахымжан

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *