Әлия Бейсенбі. ЕРТІС АҒЫСЫ. ӨМІР ЖОЛЫ

Ертіс ағысы

Ертістің қатты ағысына қарап,
Өмірдің зулап өтіп жатқанын сезінесің.
Ертіс алдына кім келмеді дейсің?
Кім сырын ашпады дейсің?
Даңқы шыққанның аты ғана қалады,
Естен шығып кеткені қаншама,
Ел аузында жүргеннің түбі ертең ұмытылатыны анық.
Олар да қысқа сол бір жолды өтті.
Ертістің ағысына жете алмағандар қанша?!
Ертістің ағысымен бірге кеткендер қанша?!
Сұрағандардың бірін аяп, қайғысымен қоса өзін де алып кетті.
Енді бірін елемей,
Тұрған жерінде жан жарасымен жалғыз қалдырып кетті.
Бәріне мәлім — арты бәрінікі бірдей,
Бүгін барсың, ертең жоқсың.
Ал, Ертіс өзінің ағысын тоқтатпайды.

Өмір жолы

Мен шаршадым, жаным ауырады,
Қолым талды, аяғым шалынады.
Жүретін жолдың мәні жоғалды.
Өз-өзіме тірек болудан,
Қиналғанда да, сенбегенде де
Өз-өзіме сенуден шаршадым.

Жалғыз болуға ассықаным,
Енді жалғыздыққа батып барам.
Қараңғылықты артта қалдырып,
Ақ пен қараны ажыратамын деп
Шалынып келем.

Ішімдегі сенімім, тірегім қатайғанша
Айналаны да, өзімді де алдап келем.
Шаршап, қолым талып, аяғым шалынса да,
Жүріп барам, артыма қарамай,
Тоқтамай жүріп барамын.

Photo by Julie Kwak on Unsplash

Поделиться в соцсетях
Әлия Бейсенбі
Әлия Бейсенбі

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *