Жанет Сайднасим. ӨЛЕҢДЕР

Тағы

Ояндым,
Тағы бір рет рақмет деуге
Ояндым,
Тағы бір рет үндемеуге
Ояндым,
Тағы бір рет қыз ретінде,
Тағы бір рет ертеңіме сенуге.

Тағы бір рет 60 сөзден сүрінуге,
Күресуге,
Неткен батыл Фембике.
Кектене,
Жүрексіне,
Жүрегім де
Табынуға, бір сеніммен, Тәңіріме.

Оянбас ем, көру үшін күйзелісті.
Қоянбас ерім, “еркек” қысса екен бір жерді.
Тағы да шөп пен шылым керек-ті,
Әрі қарай дем алуға табу үшін себепті.


28.01.24 Алматы

Беттер

Пайда болып, жоқ болады түрлі беттер,
Бүгін жақын, ертең алыс жүректер.
Түсіне тұра, бүктеп қойдым бұрышын,
Сен туралы жазылған беттер(дің).

Сол сөзден ашылады кітабім.
Біртүрлі сезім бойлайды, шуағым…
“Болмаймыз” деп шешкен сәттен,
Өтпегендей, қайтпас жылдарым.

05.12.23 Тарту Эстония

Жібек мата

Есімді сатып жіберем,
Бір миллион жұлдыздарға
Иісін шаштарыңның
Сезу үшін-Жібек мата.
Саусақтарым серуенмен
Сипай береді әр тал шашқа.
Жанымды да сатып жіберем
Көзіңдегі шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді?
Бұл әлде махаббат па?

30.01.24 Алматы, Қазақстан

Поделиться в соцсетях
Жанет Сайднасим
Жанет Сайднасим

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *