Энн. ТАҢДАМАЛЫ ӨЛЕҢДЕР

У

Бақытқа антоним болса қайғы
Су мен мұзға табылар от.
Қарсыға қарсы қып қойса дағы
Шыға ма бұдан антидот?
Қылмыс пен жаза
Антоним болса,
Гүлзар мен дала
У-ға өмір бола қалса?
Көп ойлаған сайын шатасу
Мәні жоқ, міні жоқ бейне
Көп ойлаған сайын сылдыр су
Мүмкін болса кішкене,
Азған жүйкені жаңарту
Уайымдама,

Уайым-
У.

2024/17:17

Дария өзен, дариға жүрек

Дария өзен жұбанамын өзіңе,
Естимісің, құлақ салшы сөзіме
Дариға жүрек шөлдеді ме, көнді ме?
Аққудай, сұңқардай еді тегінде.

Уа Дариға, ал бастадым сендерге,
Бір қуанып, бір жынданып лезде
Мөлдір сезім, дариға жүрек болмаса,
Несіне жүрмін сөз жарытпай менде.

Өзен-ау, ерке сылқым қалықтаған
Күн нұрына бөленіп балқып барам.
Қанша адам сыр шерткен-ді өзі саған
Ғасырлы мұңмен төгіп-тасып сақтаған.

Теңескен замана өмірменен,
Дәуір кешіп ағыны өлеңменен,
Бибі Айшаны ажалы құшып жатқанда
Куәгері мына өзен, күйбелең

Асау өзен дарияның алыбы,
Дариға жүрек Бибінің жалыны.
Мұңдасып екеуіде бостандық іздеп,
Соңғы кеш, соңғы көрісу есте қалыпты.

Ханахаки

Если бы Ханахаки жил в нас,
Цветы вызывали б ощущения:
Мир в цветных тонах погас
Фобия к синтезу и только отвращение.

Шипы пронзили сотню раз
И сотню раз цвели в надежде,
Что тихо, мирно знак подаст,
Спасению быть, знать, если

И вот в лёгких раскрыт бутон
Вьются на рёбрах обнимая,
Удушьем соцветия заточён,
Невольно в клетке погибая…

Так или иначе, всерьёз
Ханахаки–цветочный туберкулёз
Невзаимность дала последствия
Апатия, инфаркт, склероз.

Так красив Ханахаки
Что страшен, мрачен всяким
Романтизацией живым цветником
Проросший в лёгких ивняком.
12:46/2024

Аяулы жан Аяулымға

Жүзің бар толған айдай сұлу неткен
Алтындай жарқыраған келбетің көркем.
Пейілің ақ, сезімтал балалық аңғалдықпен,
Теңедім мен толқынға теңіз есіп өткен.

Ашылған айқара көздеріңнен,
Жылу көрдім, баурап алар сезімменен.
Жан-дүниең гүлге біткен гүлзар болса,
Бал іздеген көбелек секілді келемін мен.

Мендегі барым поэзия мен сенің бейнең
Жете ме менің сөзім сипаттауға сені бірден?
Сен бір ғана шумақ өлең емессің,
Жаралғансың муза болып демеу берген.

Поделиться в соцсетях
Энн
Энн

комментариев 8

  1. Менің ойымша өте перспективті ақын. Осы сборникте,көп өлеңдер ұнады,бірақ маған ең қаттыы әсер еткені-бұл «У». Былай айтқанмен,бір жағынан өте жәй,ал бір жағынан өте күрделі туынды. Энн «уайым» сөзін «у» ұғымымен байланыстырып, өмірдің ауыртпалығы мен дәрісі бір екенін көрсетеді. Уайым – у сияқты, бірақ сол удан қайта тірілуге күш табуға болады. Қарама-қайшылықтар арқылы(өз ойымша ең оңай,бірақ өте эффективті әдеби құрал)дүниенің сырына бойлауды көздейді. Бақыт пен қайғы, су мен мұз, қылмыс пен жаза – бәрі де бір-біріне қарсы тұратын, бірақ бірінсіз бірі болмайтын құбылыстар. Өлеңде ойдың шатасуы мен тереңдігі қатар жүреді. «Көп ойлаған сайын сылдыр су» дейді,бұл сөз арқылы адамның шексіз ойлау қабілеті кейде оны адастырып жіберетінін меңзейді. Бірақ бұл шатасу бос емес осы шумақтан кейін: «Азған жүйкені жаңарту» дейді, яғни ойлану мен уайым – адамның жанын жаңғыртатын күш.

    Ойлары күрделі,ал жеткізу подачасы жеңіл болғаннан,мен авторды перспективасы жоғары деп санаймын.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *