Энн. ӨЛЕҢДЕР

Жүрегімді тіліп өтті өткір сөз

Жүрегімді тіліп өтті өткір сөз
Жалықтыма жылаудан сорлы көз?
Дүр сілкініп соққыға жыққандай
Қоя бердім айтпастан ешбір сөз.
Үн қатпадым, жауаптың керегі не?
Жауапсыз қалса мақсатына жеттіме?
Кідірмей, бірқалыпты түрімнен
Білінбейді алай-дүлей жан дүние
Жалғыздықта қалсам болды біраз,
Жоқ болды ғой келе қалар көз жас.
Үйренісіп үлгереді адам деген
Болып жатқан түрлі сұмдық қас.
Тас жүрек болып бара жатқаным ба?
Жүректі таспен қашап қададым ба?
Жаны жоқ, тәні өлі жүр ғой бейне
Сүйретіліп, күліп қояды кей-кейде.

Мен ауылдықпын

Мен ауылдықпын
Ауыл менің жүрегім
Алып таулар жатқан
Тауларым асқар тірегім
Сырыйып тұр бойлап
Желмен ескен терегің
Тартылған өзен қурап
Жатқан ізі өткеннің
Сағындым жолдарыңды
Күнде кесіп өтетін
Сағындым түндеріңді
Лас Вегастай өтетін
Қатты сағындым өзіңді
Жете алмай келемін
Ішіп бойлап төзімді
Сертімді саған беремін:
Бой, ер жетіп кетемін
Батырларша өсемін
Кесілмесе кедергі
Бетін шұқып тілемін
Ешкімнен де тайсалмай
Мәрт бикешің мен едім
Өшпес сезім, қадірлім
Мұны білсең сол сөзім
Ұмытпаймын өзіңді
Мәңгілік боп қал өзің.

Photo by Nessi Gileva on Unsplash

Поделиться в соцсетях
Энн
Энн

комментариев 10

  1. Құрметті Энн, сіздің өнеріңіз маған ерекше әсер қалдырды!Қазақ тілінде жазылған терең мағыналы шығармаларыңызға тәнтімін! “Мен ауылдықпын” шығармаңыз арқылы Өз ауылыңызды керемет суреттеп, мені де ғашық ете білдіңіз! Сіздің өнеріңізді бағалаймын, бізді тағы да керемет өлеңдермен қуантасыз деген үміттемін!🤍

    • Вау🔥🔥🔥
      даже имея скудный словарный запас казахского я проникся в эти прекрасные строки 💗💗💗💗

  2. Недеген өлең шумақтары, жүректен жүрекке жеткен, мағынасы қандай керемет, мен расында қуанамын және мақтанамын, осындай талантты, жан-жақты Энн сияқты группаласым, әрі жақын құрбымның болғанына, саған сәттілік, осы сияқты көптеген өлеңдерің үлкен кітап болып, көптеген адамдардың жүрегіне жете берсін!!!❤️❤️❤️☺️

  3. Журналға менің өлеңдерімді таңдағанына алғысым шексіз💌Қолдау көрсетіп, уақыт бөліп жылы лебіз жазған жандарға көп рақмет 🤍»Айна» мен үшін жаңа қадам, жаңа мүмкіндік.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *