Әйел парызы
Парызы көп әйелдің бұл әлемде.
Бала-шаға, күйеуі, ата-ене.
Болмайын деп жұртқа сұр әпенде.
Жүр емес пе барлығына басын ие.
Таңы атып қазанның ошағында,
Батады кеш күйеуйдің құшағында.
Арқалап ит-мысықтың баласында.
Мерт болды арман тұрмыстың масағында.
Жарылқап жүр жалмауыз бір надан —
Әйел батыр болуға жаралмаған.
Ол да күшіктей жалмандаған,
Жармасып анасына шырылдаған.
Парызы көп әйелдің бұл әлемде,
Тербейді бір қолымен күл дүние.
Еңбегін еш кемсітіп қажет емес,
Құны бос дейтін болсан — кел дәлелде!
Өмірен өткен бауырларыма арнау
Үзілер өмір кенеттен,
Жапырағындай ағаштың.
Жетерміз біз де кезепкен,
Жолымыз бір ғой баратын.
Білмейміз қай кез келеді
Ажалын күтіп алдында.
Уақыт көп қой деседі
Болса да қабір маңында.
Ұйқыға кетіп кешкісін
Таңғысын көзін ашылса,
Білерсін тағы жеңісін
Өмірге уақыт табылса.
Ұмытпа, досым, санаулы
Күніннің әрбір сүретін
Есебі бар сұраулы,
Таразыға түсетін.
Шыдамдық таныт қашанда
Көрсенде талай сарандық,
Бес күндік мына жалғанда
Танытайық адамдық.
Үміті үзілген ұрпақтың үнімін
Үміті үзілген ұрпақтың үнімін,
Лапылдап өртенген сезімнің күлімін.
Әділет орнасын деп атқан таңынның,
Күрсініп, аспанды жамылған түнімін.
Сөз айтып көрмеген мылқаудың тілімін,
Пердесің ашпаған соқырдың күнімін,
Теңдікті жерлеген зираттың басына,
Қалдырып, солдырған, ұсқынсыз гүлімін.
Қорғансыз қалғанның үйімін, пірімін.
Баласын жоғалтқан ананың мұңымын,
Өмірден өткенше аямай тасыған,
Әкенің мойының сындырған жүгімін.