Дина Мусина. ҚАРАЛЫ ҚАҢТАР

Сені қорғай алмадық
Қойыныңа тығылып
Үйімізде түңіліп
Бір жағыңа шықпадық.
Күйінсек те, ашынсақ та
Басымызды ойладық.

Күл талқаның шыққанша
Естеліктер құрғанша
Талай адам қырылып
Қара жерге жатқанша
Үндемедің Шыдадың
Қан жылады көздерің
Сыртта жүрген өзгенің
Болдың босқа құрбаны.
Алма бағың қирады.

Құшақ жайып қарсы алған
Пендең шықты басыңа
Бәрін қырды, бәрін жойды
Қарамастан жасыңа.

Оңтүстіктің астанасы болып едің
Алматым
Енді өлімнің саны басып
Тозып қалдың,
Алматым.

Жүрегіңе қаяу түсірмей
Еңсеңді көтер, Алматым
Бұл да қалар, ұмытылар
Әлі гүлдер бақ бағың

Поделиться в соцсетях
Дина Мусина
Дина Мусина

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *