Санда Әбдіғали. ӨЛЕҢДЕР

Ерекше бір өмірдің туындысы  

Ерекше бір өмірдің туындысы
Естімеген,білмеген бұрын кісі.
Көз салмаған әлемнің жақсылары, 
Танымаған,тіпті,дүние зұлымдысы.

Менің көзім алғашқы көлеңкелед
Жасырған сырың тұнық,терең демек. 
Ойым,санам байланды бір өзіңде
Сені көрсем көңілге өлең келед!

Мен жазған шумақтардың асылысың!
Бұл сезімім жүректе жасырынсын.
Жасырынсын деймін-ғой, ал шынында
Көбелектер маза бермей тасыдым,шын!

Көзден көр де ұға бер өлеңімді,
Маған қымбат жанымдай керегіңді!
Қуанамын тоғысқанда көздеріміз.
Бірақ сенің жанарың….неге мұңды?….

Шабыт

Қолға қалам ілінді тағы міне,
Шабыт берген әуенім көңілді ме?
Жыр шыға ма мұңды әнге айналдырар
Күрең бұлт кері бір сәт шегінді ме?…
Болсын,мейлі, осы уақыт сәтсіз мезет
Тұрса-дағы қоңыр түс бәрін тежеп. 
Алып ұшар көкке қарай зуылдатып
Бақытты күндерге де келер кезек. 
Әр қағым қайта келмес, құр жіберме!
Себеп таппа үмітті, жәй, үзерге!
Сағың сынып, қисайса да қабырғалар
Ілгері жүр, мойымай тез түзел де!
«өзгелердей болам» деме, өзіңді ойна.
Тек «мен»-іңнің теңізіне терең бойла! 
Айналаңды айналдыр әдеміге 
Қажетсіздің қалдығын жуып, жой да!
Сен мықтысың! Сендей адам жолықпайды!
Дәл өзіңдей өз сырыңды жан ұқпайды. 
Сенің ғана мақсатың, армандарың 
Сен қаласаң көкте құстай қалықтайды!
Жығыл, құла, жыла, мейлі, азаптанғын
Өз-өзіңді өкінгенде сабап та алғын
Айнымасаң болаттай ұмтылыстан,
Тәтті дәмін татасың ғажаптардың!
Шабыт берсе осы жолдар, батыл мұным.
Өлшенбесін бұл өлеңмен ақылдығым.
Сыйламаса не күлкі, не қуаныш
Неге жарар менің онда ақындығым?!

Поделиться в соцсетях
Санда Әбдіғали
Санда Әбдіғали

комментария 2

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *